Мәсімов қанша уақытқа қамауға алынғаны белгілі болды

/image/2022/01/11/crop-4_6_439x585_pbrkidl8b-4.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды. Ақпарат  truestory.kz Telegram каналында жарияланды.

"ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты хабарлады" делінген хабарламада.

6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи