Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина facebook парақшасында еріктілер командасы елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жиналатын бірыңғай платформаны іске қосқанын мәлім етті.
Платформа "Qantar-2022" деп аталады. Жүйе taplink платформасында жасалған. Ол жерде 4-6 қаңтар күндері болған оқиғалар кезінде қаза тапқан, ұсталған, із-түссіз жоғалып кеткен, жараланған адамдар туралы деректер ұсынылған.
Сондай-ақ платформада ақпарат ұсынушылар үшін арнайы "Анкета" бөлімі жасалған.
Оставить комментарий