Елдің бірнеше өңірінде қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендердің саны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.
Бас прокуратураның хабарлауынша, қайтыс болған 225 адамның 175-і медициналық ұйымдарда көз жұмған.
Ведомство өкілдері бұл алдын ала деректер екенін атап өтті. Олар әлі де нақтыланады және өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
ДСМ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова ТЖ енгізілген сәттен бастап 2678 зардап шегуші медициналық көмекке, оның ішінде 1815-і амбулаториялық көмекке жүгінгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.
Оставить комментарий