Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Самат Әбіштің қызметінен кеткені туралы бейресми ақпарат алғаш 5 қаңтарда шыққан. Алайда 14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдымен Самат Әбіш қызметінде екенін, жылсайынғы демалысында жүргенін мәлім еткен. Бірақ ол жерде оның демалысқа қашан шыққаны жазылмаған.
Оставить комментарий