Тоқаев ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуді бірінші кезекке қоюды талап етті

/image/2022/01/21/crop-473_28_2292x3056_1586869766_5.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының газ саласындағы жұмысын реформалау қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде мәлімдеді.

– Жаңа өндірістерді ынталандыру үшін табиғи газбен қамтамасыз етудің маңызы ерекше. "Самұрық-Қазына" қорының газ бөлімшелерін реформалау аясында ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге басымдық берілуі керек, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы тек кәсіпкерлер ғана емес, облыс әкімдері де үкіметке, индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін газ бөлу туралы өтініш білдіргенін айтады.

– Бірақ газ жоқ. Газды отандық өндірісті іске қосу үшін пайдаланудың орнына экспортқа шығаратын жағдайға енді жол берілмейді, – деді президент.

Оставить комментарий

Связанные Статьи