Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметінен кетті

/image/2022/01/27/crop-75_8_426x568_2022-01-27_10-11-39.png

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Қиясов Ерлан Аңсағанұлы берген өтінішіне сәйкес қызметінен кеткен. 

Е. Қиясов 2020 жылдың қыркүйегінде денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалған.

Ол 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан президенті Іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи