Сағынтаевтың орнына кім келетіні белгілі болды

/image/2022/01/30/crop-159_29_632x843_b145f3ee-dd7b-4b50-aa02-55e369eaf77d.jpeg

Алматы қаласының әкімі қызметіне Ерболат Досаев тағайындалуы мүмкін. Ақпарат КазТАГ сайтында жарияланды.

Ерболат Досаев 2019 жылдың ақпанынын бері Ұлттық банкті басқарады. Оған дейін 2017 жылдың тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары болған.

2016 жылы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингін басқарған.

Қазір Алматы қаласының әкімі қызметінде Бақытжан Сағынтаев. 

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында Сағынтаевты Қаңтардағы оқиғаларға байланысты кінәламайтынын, бірақ алматылықтардың көңіл-күйін ескеретінін мәлімдеген.

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи