"Аяз, қар, жаңбыр, көктайғақ". Ақпанда қандай ауа райы тосып тұр?

/image/2022/02/02/crop-45_9_471x838_2354e8a797dad7bbb53599b8379bea66_xl.jpg

Қазгидромет ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ақпанда елдің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде, бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады.

Шығыста Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында және Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде нормадан аз болжанады.

"Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклонынан Қазақстанның басым бөлігінде аязды және көбінесе аз жауын-шашынды ауа райы болады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі.

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында оңтүстік мен батыста күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасында елдің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдері әсер етуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, елдің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасын, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның әсерінен жекелеген күндері температуралық фон төмендейді деп күтіледі:

батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін;

еліміздің солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.

Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ақпанның екінші және үшінші онкүндіктердің кей күндері температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:

батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін;

солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -3-10°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи