Өзіне қол салған Жамбыл облысы ПД басшысының орнына жаңа адам тағайындалды

/image/2022/02/10/crop-284_7_602x803_baymurzin.png

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Арманбек Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген.

1992 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді.

2004-2012 жылдары ІІМ криминалдық полиция комитетінің басшысы болды.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың қазанынан Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.

Арманбек Баймурзинге дейін Жамбыл облысы полиция департаментін генерал Жанат Сүлейменов басқарған. Ол қаңтар оқиғасынан кейін өзіне қол салып қайтыс болған. 

Журналист Михаил Козачков өзінің telegram-каналында Тараздағы тәртіпсіздіктен кейін Жанат Сүлейменовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи