Тоқаевтың парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

/image/2022/02/12/crop-86_7_500x667_bd624546-ef04-4f59-a014-40f5c937aabf.webp Фото: Ашық дереккөз

Әмірбек Оспанбеков  президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін аталған қызметті Бейбіт Исабаев атқарған болатын. Ол 13 қаңтарда президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды.

39 жастағы Әмірбек Оспанбеков 2021 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Связанные теги :

Связанные Статьи