Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

/image/2022/02/14/crop-133_10_437x582_765e0106ff1a4296bec1c5a741e981fe.jpeg

Шығыс Қазақстан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Оқыс оқиға 13 ақпанда сағат 16:30 шамасында Глубокое ауданының Өскемен-Риддер тасжолының 34 шақырымында болған. Апат салдарынан "Datsun" көлігінің 36 жастағы жүргізушісі және 29 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Қазіргі күні сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Оставить комментарий

Связанные Статьи