Қазақстанда перзентханаларда сәбилерге вакцина егіле ме?

/image/2022/02/15/crop-11_7_389x692_048353f40f68f40e7f614200b31d0cb3.jpg

ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев перзентханаларда сәбилерге коронавирусқа қарсы вакцина егіліп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

– Біздің елімізде де, әлемде де жаңа туған нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстанда 12 жастан асқан балалар ғана COVID-19-ға қарсы егіледі. Рұқсат етілген вакцина – Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty. Оны ДДСҰ мақұлдады, – деді комитет өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді тек олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының ерікті келісімімен ғана вакцинациялайды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тараған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи