"Аспан айналып жерге түскендей болды". Аққан ауруына шалдыққан Айнара халық қолдауына мұқтаж

/image/2022/02/16/crop-103_32_387x516_2022-02-16_17-50-06.png

Аққан ауруына шалдығып, Түркияның Стамбул қаласында ем алып жүрген 9 жасар Айнара Оралханның еміне, оның құлан-таза айығып, басқа балалар секілді алаңсыз ойнап, күліп, секіріп жүруі үшін қаржы керек.

Айнараға аққан диагнозы қойылған. Ол былтыр жанұясымен ем алу үшін Түркияның "Bau Medikal Park" онкологиялық орталығына жүгінеді. Дәрігерлер Айнараның еміне 140 мың доллар қаражат керек екенін айтқан. Бүгінге дейін Айнараның әкесі өзіндегі бардың бәрін сатып керекті ақшаның 100 мың долларын тауып қойыпты. Емге әлі 40 мың доллар жетпей тұр. Амалы таусылған Айнараның ата-анасы ендігі кезекте халықтан көмек сұрауға мәжбүр.

"Бір айдан бері тыныш өміріміз 360 градусқа өзгеріп жатыр. Бұл да болса Алланың қалауы, біз пенде Алланың сынағына көнгеннен басқа амалымыз жоқ екен. Жедел лимфобластикалық лейкемия (аққан ауруы). Естігенде атының өзі қорқынышты ауру біздің тұла бой тұңғышымыз, бауыр ет балапанымызға қойылғанда аспан айналып жерге түскендей болды, төбемізден ауыр соққы алғандай есеңгіредік, жыладық, неге осы жағдай тура бізде болды деп өз-өзімізді кінәләдық. Жығылғанда сүйейтін етжақын туыстар мен жанашыр достардың қолдауымен бір Алла деп Стамбул қаласына келіп, ем алуды бастап кеттік" деген Айнараның ата-анасы көпшіліктен аз-аздан болса да көмек қолын созуды сұрайды.

Жадырап ойнап жүрудің орнына аурухана кереуетіне танылған бүлдіршін сіздің көмегіңізге мұқтаж. 9 жастағы Айнараның сырқатынан айығуына, сыңғырлап уайымсыз күліп жүруіне атсалысқыңыз келсе, төменде көрсетілген реквизиттерге мүмкіндігіңізге қарай ақша аударуыңызға болады. 

әлеуметтік желіде парақшасынан алынды

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Арай Токтасын (@araitoktassyn)

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи