Қазгидромет алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.
Оның артынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклоны жылжи бастайды, ол өзімен бірге 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне қар, желдің күшеюін және көктайғақ алып келеді.
Елдің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Термометрлер бағандары төмендегідей температураны көрсетеді:
♦ батыста түнде -5...+5 дейін, күндіз +2...+13 дейін;
♦ солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 дейін, күндіз -8...+ 2 дейін;
♦ орталықта, шығыста түнде -8...-17, күндіз -1...-10;
♦ оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 дейін
Оставить комментарий