Байден: Путин Украинаға шабуыл жасау туралы шешім қабылдағанына сенімдімін

/image/2022/02/19/crop-23_12_819x1096_620785c63b86990018b31131.jpeg

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешім қабылдағанына сенімді екенін және шабуыл "таяу күндері" болуы мүмкін екенін айтты.

Байден АҚШ барлауына негізделіп, осындай пікірге келгенін жеткізді.

Ал, Ресей басып алуды жоспарлап отырғанын жоққа шығарады.

Батыс елдері Ресейді "Украинаның шығыс аймақтарында жалған дағдарыс ұйымдастырып, Киевке шабуыл жасамақ"  деп айыптайды.

АҚШ-тың бағалауынша, Украинаға жақын маңда 169-190 мың ресейлік әскери бар.

Дегенмен Байденнің пікірінше, Ресей "әлі де дипломатияны таңдай алады" әрі "шиеленісті бәсеңдетуге және келіссөз үстеліне оралуға әлі кеш емес".

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи