Франция, АҚШ және Ресей президенттері Украина дағдарысы үшін саммит өткізуге келісті

/image/2022/02/21/crop-10_4_336x680_6212f7a4f0b06900185ebff7.png

"АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинмен Украина дағдарысын талқылау үшін саммит өткізуге негізінен келісті" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.

Ақ үйдің ақпаратына сәйкес, Франция ұсынған келіссөздер Ресей өз көршісіне басып кірмеген жағдайда ғана өтеді. 

"Кездесу Еуропаның соңғы онжылдықтардағы ең ірі  қауіпсіздік дағдарысына ықтимал дипломатиялық шешім ұсына алады" деп күтілуде.

АҚШ шенеуніктері "Ресей әскери операцияны бастауға дайын" деп болжайды, ал, Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Бұл ұсыныс Франция президенті Эммануэль Макрон мен Путин үш сағатқа созылған телефондағы екі реткі сөйлесуден кейін жарияланды.

Сонымен қатар Макрон  Байденмен 15 минуттық сұхбат өткізді.

Макронның кеңсесі ықтимал саммиттің егжей-тегжейлері бейсенбі күні болатынын жариялады. Ол Бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасындағы кездесуде маңызды дипломатиялық мәселелер талқыланатынын айтты.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи