АҚШ: Ресей өлтірілетін және лагерьлерге жіберілетін украиндердің тізімін жасап қойған

/image/2022/02/21/crop-36_12_2349x3132_2e9928ba-7ea1-47c3-aa06-0d7335a6a630_b23938f5.jpeg

АҚШ Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін өлтірілетін немесе лагерьлерге жіберілетін украиндердің тізімін жасағанын ескертеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымына жіберілген және америкалық БАҚ-та жарияланған хатта тізім туралы "сенімді ақпарат" бар екені айтылған.

Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ барлау қызметі жариялаған "тізім" туралы ақпарат "өтірік" деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Мәскеудегі АҚШ елшілігі Ресейдегі қоғамдық орындарда америкалықтарға шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертіп, "оларды эвакуациялау жоспарлары болуы керек" деп мәлімдеді.

Песков ескертуді "өте орынсыз" деп сипаттады.

Ол журналистерге Украинаның шығысындағы жағдай "шиеленісті" күйде тұрғанын айтты.

Сонымен қатар, Кремль АҚШ пен Ресей президенттері арасындағы саммиттің нақты жоспарлары бар екенін жоққа шығарғанымен, келіссөздерге ашық екенін мәлімдеген.

"Сыртқы істер министрлері деңгейінде диалогтар жалғасуы ықтимал. Қажет болған жағдайда, әрине, Ресей мен Америка президенттері телефон арқылы немесе басқа әдістермен хабарласады" деді Песков.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи