"Алдағы 24 сағат шешуші сағаттар". Украинадағы соғыс қалай өрбіп жатыр?

/image/2022/02/28/crop-11_4_501x747_ap22056776159289-768x512.jpeg
"Ресей түні бойы Чернигов қаласын атқылады" деп мәлімдеді Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі.
 
Украина билігі "Жарылыстар таң атқанша астана Киевте және Харьковте де естілді" деп хабарлады .
 
Президент Зеленский алдағы 24 сағат – Ресей басқыншылығының бесінші күні Украина үшін "шешуші сағаттар" болады дейді.
 
Сарапшылар Ресей банктерінің құлдырауы мүмкін дер ескерткендей, Ресей рублі қатаң санкциялардан кейін долларға шаққандағы ең төменгі деңгейге түсті.
 
ЕО Украинаға қару-жарақ жөнелтуде бұрын-соңды болмаған қадамға барып жатыр.
 
ЕО сондай-ақ Ресей ұшақтары үшін әуе кеңістігін жауып, Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары "Russia Today" мен Sputnik-ке тыйым салады. Олардың бұрмаланған ақпарат таратыны айтылып, тәуелсіз сараптамаға берілді. Ұлыбритания премьер-министрі басылымдарды өзі жабу құқы бар екенін, алайда, өзінің Путиннен айырмашылығы өзінде құқық болса да, тәуелсіз сараптамаға шешім жасауға бергенін айтты.
 
ЕО украин босқындарды да қабылдап, баспана сұрамаса да, шартсыз баспана беруді шешті.
 
Беларусьтегі дауыс беру онда ядролық қаруды орналастыруға жол ашты.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүйсенбіде барлық 193 мүше елдің қатысуымен төтенше арнайы сессия өткізеді.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи