Теңге құнсыздануына байланысты азаматтардың жалақысын көтере ме? Министр жауап берді

/image/2022/03/02/crop-24_79_702x1248_qvbjo70n.jpeg
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілермен қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатуға байланысты жұмыс жүргізбек.
 
Министр Серік Шапкеновтың айтуынша, ведомство жергілікті атқарушы органдар және кәсіпорындармен жұмысты бастаған.
 
– Біз кімнің жалақысы медиандық еңбекақыдан төмен екенін анықтау үшін сараптама жүргізіп жатырмыз. Медиандық еңбекақы бізде 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілермен  қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргіземіз. Олар қызметкерлерінің талап-тілегін түсініп, оларды қолдауға тиіс, –  дейді министр.
 
Сондай-ақ ол ұлттық экномика министрлігіндегі әріптестерімен экономика қандай сценарий бойынша жүретінін зерделеп жатқанын атап өтті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи