Бүгін Ресейдің Украинаға шабуылдап жатқанына он үшінші күні. "Ел астанасы Киев пен солтүстіктегі Чернигов қаласы әлі де украиндардың қолында" деп хабарлады BBC.
Украина тарапы ресейлік әске шабуылдау операциясын жалғастырып жатқанын, бірақ оның алға жылжу қарқыны айтарлықтай бәсеңдегенін мәлімдеді.
Украина қарулы күштерінің бас штабы 8 наурызда жергілікті уақыт 06:00-дегі жағдай бойынша украин әскерлері оңтүстік, шығыс және солтүстік секторларда қорғанысты жалғастырып жатқанын хабарлады.
Онда елдің әуе қорғанысы зымырандық және әуе шабуылдарына сәтті тойтарыс бергені айтылған.
"Оккупанттар моральды ұмытты, тонау әрекеттері барған сайын жиілеп барады. Сондай-ақ олар әскери қақтығыстар туралы халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзуда" дейді Украин тарапы.
Украина әскерилері Ресей қазіргі таңда психологиялық соғыс пен басқыншылардың күштері басып алынған аумақтарда жергілікті тұрғындарға ықпал ету үшін "насихат жұмыстарын" жүргізіп жатқанын айтады.
Оставить комментарий