"Save The Children" ұйымының мәліметінше, Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы басталғаннан бері Украинадан бас сауғалап қашқан екі миллион адамның арасында шамамен 800 мың бала бар.
Агенттік олардың көпшілігі ата-анасыз екенін ескертті.
"Ата-аналар балаларын қорғау үшін ең үмітсіз, жүректі ауыртатын шараларға жүгінеді. Украинадан тыс жерден қауіпсіздік іздеу үшін балаларын көршілерімен, достарымен бірге жіберіп жатыр, өздері үйлерін қорғау үшін үйде болады" дейді үкіметтік емес ұйым өкілі Ирина Сагоян.
BBC кеше Запорожьедегі үйінен өз бетімен кеткен 11 жастағы Хасан туралы хабарлаған. Хасан екі кішкентай сөмкесін, төлқұжатын және туыстарының телефон нөмірін жазып алып, пойызбен 1200 шақырым жол жүріп, Словакияға аман-есен жеткен. Оның анасы әжесін тастап кете алмағандықтан үйінде қалған.
Оставить комментарий