АҚШ Польшаның Украинаға жойғыш ұшақ жіберу ұсынысын қабылдамады

/image/2022/03/09/crop-11_10_853x1318_river.jpeg

Америка Құрама Штаттары Польшаның МиГ-29 жойғыш ұшағын Германиядағы АҚШ әуе базасы арқылы Украинаға жіберу туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Вашингтон "бұл ұсыныс НАТО-ның бүкіл альянсы үшін салмақты алаңдаушылық тудырады" деп мәлімдеді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей шабуылынан қорғанып жатқан елінің әуе күштерін толықтыру үшін НАТО-ға көбірек әскери ұшақ беруді сұрап, үндеу жасаған. Көп өтпей Варшава жойғыш ұшақ беру туралы ұсыныс айтқан. Енді міне, ұсынысты Вашингтон тойтарып отыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи