«AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшілігіне кім келгені белгілі болды

/image/2022/03/09/crop-11_35_720x1280_1-1.jpg

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи