Украина Ресейді "оңтүстіктегі Мариуполь портынан адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірді" деп тағы да айыптады.
Қала тұрғындары электр қуатынсыз, азық-түліксіз қалған, ауызсудың тапшылғы және аязды ауарайы сияқты қиын жағдайлар тұрғындарға ауыр тиіп жатқаны хабарланды.
Ресей Украинаны "қираған қалаларға гуманитарлық дәліздер жасау жөніндегі барлық дерлік ұсыныстарымызды қабылдамады" деп айыптады.
Ресей Украинадағы шабуылын кеңейтіп, Луцк, Ивано-Франковск және Днепр қалаларына соққы жасауда.
АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон Украинадағы соғыс кезінде Ресейге қарсы тікелей әскери қимылдарға араласпайтынын мәлімдеді.
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың Украинадағы биологиялық қару әрекеті туралы дәлелсіз мәлімдеме жасады.
Украина алдағы сағаттарда Беларусь Ресейдің басқыншылығына қосылуы мүмкін деп болжайды.
Оставить комментарий