Ресейлік күштердің басым бөлігі қазір Киевтің шетінде.
"Олар артиллериясын, зымыран тасығыштарын, дрондарын, зымырандарын Украинаның қалаларына, соның ішінде астана Киевке жақын орналастырды" деп хабарлады BBC.
Украин армия басшыларының ойынша, Ресей күштері қалаға әлдеқайда ауқымды шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Украинаның басқа қалаларын қоршауға алған сияқты Киевті де қоршауға тырысады.
Әзірге ресейлік күштердің бұған мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз.
Киевте де, Украинаның өзге қалаларында да ресейлік күштер қалаға енуге тырысқанда қатты қарсылыққа тап болып жатыр.
Оставить комментарий