Украина Қарулы Күштері таңғы брифингін жариялап, "басқыншы әскер тобына жойқын соққылар" жасай алғанын мәлімдеді.
Олардың айтуынша, украин әуе күштері Ресейдің үш әскери ұшағын, бір тікұшақты, үш ұшқышсыз ұшатын аппаратты жойып, екі зымыранды атып түсірген.
Украина армиясы сондай-ақ Ресей осы аптада "Украина қалаларының халық тығыз орналасқан аудандарын" бомбалауды жалғастырғанымен, Донестк, Луганск және Николаев сияқты бірнеше майданда алға жылжи алмағанын айтты.
"Жау белгілі бір аймақтарда шегініп, шығынға ұшырауда" делінген хабарламада.
Кеше түнде жарияланған хабарламада Украина армиясы Ресей басып алған жерлерді ұстап тұруға тырысып жатқанын, сонымен қатар Мәскеу әскери курсанттарды майданға шақыруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Ресей әскери шығынның орнын толтыру үшін шетелдік жауынгерлерді іздеп жатқаны хабарланды.
Кейбір сарапшылар Ресей Украинаның тұрақты және қатты қарсылығына ұшырап, шабуыл операцияларын жалғастыруда қиындыққа тап болып жатқанын айтады.
Оставить комментарий