Соңғы уақытта hh.ru ваканциялар сайтында Ресей азаматтары резюмелерінің саны арта түскен. Қазіргі таңда ІТ мамандардың белсенділігі жоғары, деп жазады HeadHunter компаниясының Қазақстандағы өкілдігі.
Жұмыс іздеген ІТ мамандардың басым көпшілігі Грузия, Армения, Түркия секілді елдерге басымдық беріп жатыр.
Hh.ru сарапшылары Ресей еңбек нарығында онсыз да кадр тапшылығы қатты сезілетінін айтып отыр. Тапшылық коронавирустың салдары, мигранттардың кетуі мен елдің табиғи өсімінің төмендеуі сияқты себептермен байланысты. Қысқасы ресейлік компанияларға адам жетпейді. Елдегі қиын жағдайдан кадрға деген сұраныс төмендеп, дизбаланс орнына келеді деген пайым бар.
Мамандар Қазақстанның еңбек нарығына Ресейге санкция салынуының салдары әлі сезіле қоймады дейді. Ваканциялар жарияланатын hh.kz сайтында ресейлік жұмыс іздеушілердің оқыс белсенділігі байқалмаған. Сарапшылар жұмыспен қамту саласында реакция бірден білінбейтіндіктен, анализ жасау үшін белгілі бір уақыт өтуі керектігін айтады. Еңбек нарығындағы шынайы картина жаздың басына қарай белгілі бола түспек.
Бүған дейін Ресей Украинаға басып кіргелі мыңдаған ресейлік отанынан кетіп қалғаны хабарланған. Ресейліктердің елінен кетуіне қорқыныш, сенімсіздік, соғыс бастаған мемлекетпен өзін байланыстырғысы келмеу, басталып жатқан экономикалық дағдарыс себеп.
Ресейліктер арасындағы ең танымал бағыт Грузия болып тұр. Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 24 ақпаннан бері елге 20 мың ресейлік барған. Оның үш мыңға жуығы әлі сол жақта. Одан кейінгі танымал бағыттар қатарында Армения мен Түркия бар. Бұдан бөлек ресейліктер Әзербайжан, БАӘ, Қазақстан, Қырғызстан, Орталық және Оңтүстік Американың визасыз елдеріне кетіп жатыр.
Визасы барлар үшінші елдер арқылы Ұлыбританияға, АҚШ пен Еуроодақ елдеріне кбаруға тырысуда. Пойызбен Финляндияға, автобуспен Латвияға қоныс аударып жатқандар аз емес.
Мұндай экспанция барған елдердегі тұрғынүй арендасы бағасының күрт қымбаттауына әкеліп соққан. Кей жерлерде келушілерді салқын қарсы алған жағдайлар да кездескен. Мәселен, Грузия астанасы Тбилисидегі пәтер арендасы хабарландыруларының кейбірінде ресейліктер мен беларусьтіктерге пәтер жалға берілмейтіні жазылған.
Telegram мессенджерінде Ресейден кетушілердің ондаған чаты ашылған. Олардағы адам саны 3 мыңнан басталып, 40 мыңға дейін жуықтайды. Ол жерде барғысы келетін елге байланысты сұрақтар қойылып, адамдар бір-біріне кеңес беріп жатады.
Оставить комментарий