Украиналық депутат Дмитрий Гурин Ресейді қоршаудағы Мариуполь қаласын аштыққа ұшыратты деп айыптады.
Ресей Мариупольдегі Украина күштеріне қаруларын тастауды талап еткен. Алайда Мариупольді қорғаушылар одан бас тартты.
Мариуполь – ресейлік әскерилер үшін негізгі стратегиялық нысан.
Онда шамамен 300 мың адам қамауда қалып, керек-жарақ таусылып, көмектің кіруіне тосқауыл қойылған.
Бірнеше апта бойы Ресей күштерінің бомбалауы салдарынан, қала электр қуаты мен сусыз қалды.