Ағылшын барлау қызметі: Путиннің кеңесшілері оған шындықты айтуға қорқып отыр

/image/2022/03/31/crop-6_18_534x950_tbldkmrx6vob5ewmwxsl6ctdhy.webp

Британиялық GCHQ барлау қызметінің басшысы Джереми Флеминг жаңа барлау деректері Украинадағы ресейлік кей сарбаздар бұйрықты орындаудан бас тартып, өз техникаларын бүлдіріп, тіпті кездейсоқ өздерінің ұшақтарының бірін атып түсіргенін көрсетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters жазды.

 

– Путин ситуацияға баға беруде қатты қателесті. Біз тіпті кеңесшілері Путинге шындықты айтуға қорқып отыр деп санаймыз, – деді ол  Австралия ұлттық университетіндегі сөзінде.

 

Сондай-ақ ол жаңа барлау деректері ресейлік жауынгерлердің моральдық рухы төмен, керек-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғаны анықтағанын атап өтті.

 

 

– Біз қаруы, әскери рухы жоқ ресейлік жауынгерлердің бұйрықты орындаудан бас тартып, өз қаруларын бүлдіріп, тіпті ұшақтарын атып түсіргенін көрдік, – дейді Флеминг.

 

Ресейдің қорғаныс министрлігі болса, қарулы күштері профессионал екенін, Украинада өзіне жүктелген міндетті сәтті орындап жатқанын, Батыс Ресейдің жеңілгенін қалап операция туралы жалған ақпарат таратып отырғанын айтады.

АҚШ бағалауына сай, Ресейдің нысанаға дәл тиетін зымырандарының кейбірінің істен шығуы 60 пайызға жуықтайды.

АҚШ пен Еуропаның ресми тұлғалары соғыстағы Ресейдің жағдайы аса мәз емес екенін, батыстық санкциялардың жойқын күші барын айтуға қорқатын кеңесшілері Путинді жаңылыстырып отыр дейді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи