Күдебаев қызметінен ғана емес, органнан да кеткен, қамауда екені туралы да ақпарат бар

/image/2022/04/25/crop-13_2_290x516_kudebaev.png

Әр жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысының полиция департаменттерін басқарған Серік Күдебаев ішкі істер органынан шығып кеткен, деп хабарлады КазТАГ агенттігі.

Күдебаевтың құзырлы органнан кеткенін агенттікке ішкі істер министрлігі растаған.

Информбюро сайты Күдебаев органнан 18 ақпан күні кеткенін жазды.

Журналист Михаил Козачков Серік Күдебаев соңғы қызметі – Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымынан 24 қаңтарда босатылғанын жазса, оның полиция департаменті басшылығынан кеткені жайлы ресми ақпарат 26 қаңтарда шығып, оның орнына Арыстанғали Заппаров тағайындалған.

11 сәуірде бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы бойынша ҰҚК мен полиция департаменті ғимараттарын, Алматы әуежайын иесіз тастап кету дерегі бойынша аталған орган жетекшілері күдікке ілінгенін мәлім еткен.

Telegram-каналдар мен ел арасында Серік Күдебаев қаңтар оқиғалары бойынша тергеліп жатқаны туралы расталмаған ақпарат бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи