Оның айтуынша, 21 сәуір күні Наурызбай ауданы полиция басқармасына жәбірленуші баланың әкесі баласын зорлағанын айтып арызданған. Арыз қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тіркелген.
Рустам Әбдірахманов қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері басталғанын, процессуалдық прокурор белгіленіп, тергеу барысы қадағаланып отырғанын жеткізді.
Алайда зорлық-зомбылыққа қарсы "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Смаилова іс бір орында тұрғанын айтып, президенте үндеу жолдады.
"Зорлаушылар мен олардың ата-аналары бостандықта жүр. Оқушылары жауапкершілікке тартылмаған. Полиция қимылдамай отыр" деген ол күдіктілердің бірімен ғана көзбе-көз беттестіру болғанын жеткізді.
Сөзінше, күдіктілер үшеу, бәрі 7-сынып оқушылары.
Оқиға Алматыдағы жекеменшік "Mariam" мектебінде болған. Зорлық көрген баланың әкесі бірнеше ай бұрын баласы мектептен басы мен аяғы көгеріп келгенін байқаған. Мектептегілерден сұрағанында олар мән-жайды түсіндірмеген. Ал сәуірде ұлын зорлағанын білген. Ұлы зорлау фактісі 10-12 рет болғанын, зорлаушылардың үшеу екенін айтқан. Жәбірленуші мектеп директоры жағдай туралы тіл қатпай отыр дейді.
Білім және ғылым министрлігі аталған дерек бойынша тексеріс бастағанын мәлім етті.
Оставить комментарий