Баспана мәселесі: Алматыда жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша құжаттар қабылданады

/image/2022/05/13/crop-11_30_412x732_photo-750x470.jpg

2022 жылғы 18 мамырдан тұрғын-үй алуға арналған "Алматы Жастары" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы қабылданады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна –  10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту – 1000 адам.
  • Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), болуы керек. Бұ жерде жұбайының (зайыбының) жасы маңызды емес. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы керек.
  3. Қатысушының Алматы қаласында белгіленген санаттар бойынша кем дегенде 6 ай міндетті зейнетақы мөлшерлемесі және ресми жұмыс өтілі болуы керек. Белгіленген санаттар қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистика, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары салалары бар.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи