Үш айға жуық уақыттан бері қамауда отырған қоғам белсендісі, Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай абақтыдан хат жазды. Хатты белсендінің жұбайы, журналист Инга Иманбай facebook парақшасында жариялады. Құқыққорғаушылар саяси көзқарасы үшін қамауда отыр дейдін Жанболат Мамай хатының мәтіні төменде ұсынылып отыр. (Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған).
Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда отыр. Ол алдымен қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған. Оған "қарабет" дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты "жалған ақпарат" таратты деген айып тағылып отыр. Аталған айыптарға сәйкес, сот кінәлі деп тапса, белсенді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жанболат Мамайдың жақтастары мен адам құқығы саласындағы беделді халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International ұйымдары белсендіні қудалаудың саяси астары бар екенін айтады.
Оставить комментарий