ШҚО-да 2025 жылға дейін барлық тұрғындар таза ауызсумен қамтылмақ

/image/2022/05/26/crop-9_4_435x773_2021_07_11_201027112432598a3711249i.jpg Көрнекі сурет

2015 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ШҚО қалалары мен ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін орталық су мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.

Шағын ауылдарды ауызсумен барынша қамту мақсатында 52 блок-модульді су тазарту және тарату стансалары орнатылады. Нәти­же­сінде, ауыл халқын орталықтан­ды­рылған сумен қамтамасыз ету өткен жылы 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артты.

2025 жылға дейін об­лыстың барлық тұрғындары, 683 ауылдық елді мекен сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болады. Қосымша 154 ауыл немесе 97,7 мың адам ауызсуға қол жеткізеді.

Связанные теги :

Связанные Статьи