Елбасы қаңтар оқиғасы жайлы: Мен үшін президентке қолдау көрсету маңызды болды

/image/2022/05/30/crop-18_5_545x968_z0szvpvog9nzxmkawr0sqbsqa8zzetdcngk1s4pm.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясаткер Данияр Әшімбаевқа телефон арқылы берген сұхбатында қаңтар оқиғасы туралы да сөз қозғады. Экс-президент қаңтар оқиғасы қазақстандықтар үшін үлкен сабақ болды деп санайды. 

– Қаңтар оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл ұйымдасқан тәртіпсіздіктер мен Қазақстанға жасалған шабуылдардың мақсаты – елге бейберекеттік себу, мемлекеттің тұтастығын бұзу болды. Болған қайғылы жағдай бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Бұл оқиғаның артында кімнің тұрғанын анықтау керек. Тергеу кезінде бұл сұраққа жауап табылатынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ Назарбаев сол уақытта халық арасында тараған түрлі сауалдарға не себепті жауап бермегенін айтып өтті. 

– Мен үшін сол сәтте түрлі қауесеттерге жауап беруден гөрі, президентке қолдау көрсету маңызды болды. Оған еліміздің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы өкілеттігін толық тапсырдым. Президентің батыл қадамдарының арқасында жағдай одан әрі ушықпады, - деп пікір білдірді экс-президент. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи