Бас прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаңтар оқиғасына байланысты тергеу барысы туралы баяндады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам, негізінен ұрлық, тонаушылық, қару сақтау және ұрлау деректері бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза кесілген. Рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандарға қатысты істер ерекше бақылауға алынған.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтау, сондай-ақ тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек Президент еліміздің әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық саласында заңдылықты қамтамасыз етудің аса маңызды екенін айтты" делінген Ақорда хабарламасында.
Оставить комментарий