5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі. Ертең, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
"Үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және референдум өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда тыйым салынады (Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағы)", деп хабарлады Бас прокуратура.
Бұл күндері үгіт-насихат жүргізген адамдар әкімшілік кодекстің 102-бабы (Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу) бойынша жауапқа тартылады. Оған сай, жеке тұлғаларға 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 35 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Оставить комментарий