Мәжіліс Төрағасы ТүркПА-ның Бас хатшысымен кездесті

/image/2022/06/03/crop-36_121_758x1347_whatsapp-image-2022-06-03-at-13.59.30.jpeg

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эрді қабылдады.

Кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміз тәуелсіздік тарихында жаңа кезеңге қадам басып отырғанын атап өтті.

– Біздің Президентіміз конституциялық өзгерістерге байланысты референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отырған тарихи шешім. Осыған байланысты елімізге ТүркПА-ның байқаушылары да келді. Бұл жұмысқа өзіңіз де атсалысып отырсыз, – деді мәжіліс төрағасы.

Өз кезегінде С.Эр алдағы референдумның сәтті өтетініне тілектестік білдіріп, бұл Қазақстанның одан әрі дамуы жолындағы маңызды кезең болатынына сенім білдірді.

– Біз Қазақстанды Еуразияның жарқыраған жұлдызы деп білеміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауына өзі атап өткен рефорамалар негізінде Ата заңға өзгерістер енгізілгелі отыр. Сондықтан алдағы референдумның сәтті өтуіне шын жүректен тілектеспін, – деді ТүркПА-ның Бас хатшысы.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мехмет Эрге республикалық референдум жұмысына қатысуға белсенділік танытқаны үшін ризашылық білдірді.

Сонымен қатар кездесуде тараптар Қырғызстанда өтетін ТүркПА-ның ХІ Кеңесі мен жалпы отырысына қатысты мәселелерді талқылады. Аталған жиында ұйымның 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық жол картасын бекіту жоспарланған.        

Мәжілістің баспасөз қызметі

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи