Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум басталды. Шығыс Қазақстан облысының учаскелерінде таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлаушылардың үлкен легі байқалады.
ШҚО Ұлан ауданының тұрғындары 88 жастағы Қасенжар Ескендіров пен 85 жастағы Шамзада Ескендірова азаматтық жауапкершілік деңгейін және осы оқиғаның маңыздылығын сезініп, алғашқылардың бірі болып референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
"Ұсынылып отырған түзетулердің маңыздылығын түсіне отырып, біз бүгін дауыс беруге келдік. Өйткені, бұл әр азаматтың құқығы, - деді Қасенжар ақсақал.
Қария батасын беріп, Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
"Мен әрқашан Бірінші болып дауыс беремін және бүгін бірінші болып дауыс бердім. Өйткені, бұл өте маңызды оқиға. Референдум мен үшін мереке, сондықтан мен әрбір дауыс беруші үшін жауапкершілікті түсінемін", - деді Курчатов қаласының тұрғыны Қарлығаш Базылова.
Облыстағы барлық елді мекендерде учаскелердегі белсенділік байқалады. Мысалы, Бесқарағай ауданындағы 411 референдум учаскесінде алғаш рет Қарлығаш Мәдениетқызы дауыс берді. Комиссия мүшелері естелік ретінде сыйлық табыс етті.
Осы уақытта Өскеменде 120 референдум учаске өз есігін ашты, 110 учаскеде бақылаушылар тіркелді. Алғашқы дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілді.
Өңірлік сайлау комиссиясының деректері бойынша, ШҚО-да барлық 1027 учаске, оның ішінде 959 ашық учаске және азаматтардың уақытша болу орындарында 68 учаске жұмыс істейді. Облыстық аумақтық референдум комиссиясында 9114 есептен шығару куәлігі дайындалды. Есептен шығару куәлігін алған азаматтар басқа елді мекендерде дауыс бере алады. (Бір елді мекен шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді).
Облыс бойынша 911 455 азамат референдумға қатысуға құқылы
ШҚО Ақпарат орталығы
Оставить комментарий