Қант тапшылығына байланысты "Рахат" компаниясының жұмысы тоқтап тұр

/image/2022/06/10/crop-3_-3_443x788_092139421500.jpg

Шымкент қаласындағы "Рахат" кондитерлік фабрикасы қант тапшылығына байланысты шілде айына дейін жұмысын тоқтатты, деп жазады forbes.kz сайты.

Lotte Rakhat фабрикасының басқарма төрағасы Константин Федорец кондитердік компания қазіргі уақытта жоғары сұранысқа карамель кәмпитерін, "Барбаристі" өндірмейтінін мәлімдеген.

– Кәмпиттің бұл түрлері қантты көп мөлшерде қажет етеді. Сондықтан қант мөлшері жоғары барлық тәттілерді әзірге өндірмейміз. Қант тапшылығына байланысты Шымкенттегі зауытымыз қазір тоқтап тұр. Әзірге шілдеге дейін тоқтаттық. Шілде айында қант жеткізіледі деп күтілуде. Сол кезде жұмысымызды жалғастыратын боламыз, – дейді Константин Федорец.

Оставить комментарий

Связанные Статьи