– Қазіргі таңда Самат Әбіш тергеу орбитасында. Одан жауап алынып жатыр. Статусын дәл білмеймін. Ол Қазақстанда. Өзін көрмедім. Бірақ ол елде деп ойлаймын. Өйткені тергеу жүріп жатыр, – деді ол.
Самат Әбіш қызметінен кеткені туралы бейресми ақпарат алғаш 5 қаңтарда шыққан. Сонымен қатар Самат Әбіш қамауға алынғаны туралы әңгімелер тарады. Алайда ҰҚК ақпаратты терістеп, 14 қаңтарда Самат Әбіш қызметінде екенін, жылсайынғы демалысында жүргенін мәлім еткен. Бірақ ол жерде оның демалысқа қашан шыққаны жазылмаған.
Оставить комментарий