Қаңтар оқиғасы: 8 ҰҚК қызметкері мен 1 полицей қамауға алынған

/image/2022/06/29/crop-9_128_653x1162_62bbf26ae5d2a076701604.webp

Қаңтар қақтығысы кезінде "шерушілерді азаптады" деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 8 қызметкері мен 1 полицей ұсталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті. 

"Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың саны - 232. Одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты. Күдікті ретінде 15 адам анықталды. Оның ішінде 9 адам қамауға алынды. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ. Қамалғана адамдардың 8 ҰҚК қызметкері мен біреуі полицей", - деді Шындалиев. 

Шындалиевтің айтуынша, күдіктілер қызметтерінен шеттетілген, қамалмағандары үйқамақта отыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи