Елордада өткен ОКҚ брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту туралы ойын ортаға салды.
– Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша болуы үшін біз көп нәрсені өзгертуіміз керек. Егер сіз соңғы 20 жылдағы статистикаға мұқият қарасаңыз, онда революциялық секірісті көрмейсіз. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасаған тұжырымдарға сәйкес, біз өз іс-әрекетіміздің парадигмасын өзгертуіміз керек дегенді білдіреді. Менің ойымша, біз ондаған миллиардтап субсидиялайтын нәрселердің көбі нәрсе тиімсіз, – дейді облыс басшысы.
Әзірге өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау бағдарламасы жалғасуда. Жыл басынан бері 7,2 млрд теңгеге субсидия төленді, жақын арада тағы 900 млн теңге бөлінеді.