"Ресей елшіліктерінің штатын арттыру жоспарда бар". Ақтауда Ресей консулдығы ашылады

/image/2022/07/26/crop-17_40_653x1162_756508003436921.jpg

Ақтау қаласында Ресей консулдығы ашылады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Иван Волынкин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтқан. 

Ақтау қаласынан бөлек Гродно (Беларусь), Канкуне (Мексика) және Самарқанд (Өзбекстан) қалаларында жаңа консулдықтар ашылады. 

"Консулдық департамент Ресей азаматтары көбейген аймақтарда консулдық ашу арқылы белсенді жұмыстар жүргізуде. Бұдан бөлек  Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы және ең бастысы ТМД елдеріндегі Ресей елшіліктерінің штатын түбегейлі арттыру жоспарда бар", деді Иван Волынкин.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи