Маймыл шешегін анықтауға арналған ресейлік тест-жүйелері Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей тест-жүйелерін Қазақстаннан бөлек Армения, Түркменстан, Өзбекстан елдеріне де тапсырған.
Тесттер "Вектор" мемлекеттік ғылыми орталығында әзірленген. Ғалымдар оны қысқа уақыттың ішінде жасап шығарғаны хабарланды.
"Бұдан бөлек, мамандар серіктес мемлекеттердегі әріптестеріне арнап семинарлар өткізіп, маймыл шешегіне зертханалық диагностика жасауға үйретеді" делінген "Роспотребнадзор" баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Оставить комментарий