Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан елге оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің twitter парақшасында хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев жазғы демалысын Түркиядағы достары мен жақындарының арасында өткізген.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркиядағы сапарына қатысты анонимді дереккөздерде түрлі ақпарат тарады. Алайда демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен ешқандай кездесу өткізген жоқ", деп жазды Айдос Үкібай.
Бұған дейін бірнеше телеграм-арналарда Нұрсұлтан Назарбаев саяси және бизнес элита өкілдерімен кездескені туралы ақпарат тараған болатын.
Оставить комментарий