Қандастар мен оңтүстік жұртының дені Қостанайға орналастырылып жатыр

/image/2022/08/03/crop-120_63_540x960_095437436400.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір атамекенге көшіп келген қандастарды қабылдау жағынан Қостанай облысы көш бастап тұр екен.

Атап айтқанда, биыл жыл басынан бері 1 147 қандастар отбасы осы өңірге қоныс аударған.

Ал «Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниет білдірген азаматтардың саны 3 800-ден асып отыр. Олардың 500-ден астамы – сырттан келген қандастар, – делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде көшіп келушілерді тұрақты жұмысқа тарту көрсеткіші артып, 65 пайыздан 81 пайызға жеткен.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи