Елге негізінен жоғары білімі жоқ қандастар келіп жатыр

/image/2022/08/03/crop-15_64_697x1239_2021_11_01_kan.jpg

2022 жылдың басынан бері 9 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралған.

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (69,9%) Өзбекстаннан, 10,3% – Қытайдан, 7,1% – Түрікменстаннан, 4,0% – Моңғолиядан және 8,7% басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,2%) және Шымкент (8,0%) қалаларына қоныстанды" делінген министрлік хабарламасында.

Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі 60,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішісі 26,2% және зейнеткерлер 13,3%-ды құрайды

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,8%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 46,7%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ының білімі жоқ.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи