Демалыс күндері күн салқындайды, кей аймақтарда тіпті үсік жүруі мүмкін

/image/2022/08/19/crop-24_15_653x1162_dbf857b86803a641.jpeg

Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон жотасы аймағындағы атмосфералық фронттардың ықпалында болып, елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы байқалады.

Елдің солтүстік жартысы мен шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік, тұман болады деп болжанып отыр. Ал  батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда күн сәулелері біртіндеп ауаны жылытатындықтан, ауа температурасының аздап көтерілуі байқалады.

Ауаның температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25°С-ке дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38°С-ке дейін аздаған болады.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде + 1+10°С, күндіз +13+23, елдің оңтүстігінде түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30°С-қа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23°С-ка дейін ауытқиды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи