Елде сары май өндірісі төмендеп, импорт үлесі айтарлықтай артқан, салдары – қымбатшылық

/image/2022/08/22/crop-27_8_464x824_slivochnoe-maslo-upakovka-3.jpg

Қазақстанда сары май қымбаттады. Ел бойынша бағаның өсуі 15%-ды құрайды, ал кейбір өңірлерде ол одан да жоғары. Мәселен, Маңғыстау облысында май бағасы жыл басынан бері бірден 29%-ға көтерілген. Мұндай деректерді Energyprom.kz порталы келтіріп отыр.

Ел бойынша 2022 жылғы қаңтардан шілдеге дейін 13,9 мың тонна сары май өндірілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға аз.

Шілдеде тұздалмаған сары майдың бөлшек саудадағы құны келісіне 3,3 мың теңгеге дейін жеткен. Павлодарда майдың келісі 2,7 мың теңгеден сатылса, Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін құбылған.

Айтарлықтай қымбатшылық Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ол жақта май бағасы бірден 29%-ға көтерілсе, Шымкентте бағаның өсуі 26,7%, ал Жамбыл облысында 26,4%-ды құраған.

Қымбатшылық Нұр-Сұлтанда 3%, Алматыда 5,6%, Павлодар облысында 7,2% шамасында.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында май өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға төмендеген. Импорт, керісінше, бір жылда бірден 83,5%-ға өсті, бұл – нарықтағы импорттаушылардың үлесін 16,4%-дан 29%-ға дейін арттырған. Қазір қазақстандық май өндірушілер халықтың осы өнімге деген қажеттілігінің 71%-ын қамтамасыз етеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи